АҚШ-тың Ауғанстанды бомбалауының жаңа рекорды тіркелді
Жаңа мәліметтерде АҚШ-тың Ауғанстанды бомбалауының жаңа рекорды тіркелгені хабарланды.
France Press-тің Ауғанстан ақпарат құралдарының сейсенбі күнгі мәліметтеріне сүйеніп хабарлауынша, америкалық әскерилер 2019 жылы Ауғанстанның әртүрлі аудандарындағы жазықсыз халықтың үстіне 7423 бомба тастаған. Бұл өткен 10 жылдағы жаңа рекорд саналады.
АҚШ әуе күштерінің мәліметтері көрсеткендей, өткен 10 жылда мұндай сан болмаған. Бұл 2015 жылы Ауғанстанға тасталған бомбалар санынан 7 есе артық. Америкалық әскерилер сан рет бейбіт нысандарды бомбалады.
БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, АҚШ армиясының 2018 жылы Ауғанстанда жасаған әуе шабуылдары 393 бейбіт адамның қаза болып, 239 адамның жаралануына соқтырды.