Рухани Еуроодақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға қауқарсыздығын сынады
(last modified Sun, 23 Feb 2020 14:13:19 GMT )
Ақп 23, 2020 20:13 Asia/Almaty
  • Рухани Еуроодақтың

Иран Президенті: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Еуроодақ осы келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауда әсерлі қадам жасай алмады",-деді.

Хасан Рухани кеше, сенбі күні Теһранда Нидерландының Сыртқы істер министрі Стеф Блокпен кездесуінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының аймақ пен әлемге, АҚШ халқының өзіне зарар тигізгенін айтып: "Барша жұрт "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға талпынуы керек. Бұл салада Иран Еуроодақпен келіссөз жолын жаппады",-деді.

Рухани АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты заңсыз санкциялар салғанына тоқталып: "АҚШ тіпті Иран халқының дәрі-дәрмек пен азық-түлігіне санкция салды. Әлемнің азаттық сүйгіш халықтары бұл заңсыз санкцияларды бар дауыстарымен айыптайды деп күтеміз",-деді.

Нидерландының Сыртқы істер министрі де осы кездесуде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бір халықаралық келісім ретінде сақтау қажеттігін айтып: "АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы дұрыс болмады",-деді.

Стеф Блок өз елінің ядролық бағдарламаны сақтауға талпынатынын айтып: "Диалогты жалғастыруымыз керек. Келіссөз қиындықтар мен қайшылықтарды шешу жолы бола алады",-деді.