Ақп 23, 2020 21:30 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың тарала түскенін ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың әлемнің басқа елдеріне таралуына алаңдаушылық білдірді.

"South China Morning Post" газетінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус (Tedros Adanom Gabrisus) сенбі күні Қытаймен тікелей байланысы жоқ басқа елдерде коронавирустың таралуына алаңдаушылық білдірді.

Гебрейесус 2019 жылғы коронавирусқа берілген "COVID-19" атауына тоқталып, әлемнің әртүрлі елдерін, соның ішінде Африка елдерін бірлескен бағдарлама негізінде әріптестік жасап, вируспен күресуге шақырды.  

Жарияланған  статистикалық мәліметтерге сәйкес, Жапонияда коронавирусқа шалдыққан адамдар саны 750 адамға жетіп, 3 адам қаза тапты.

Осы статистикаға сәйкес, Оңтүстік Кореяда 556 адам вирусқа шалдығып, 4 адам қаза тапса, Иранда 28 адам ауруға шалдығып, 6 адам қаза тапты.

Тегтер