2019 жылы Ауғанстанда 3 мыңнан аса бейбіт адам қаза тапты
Ақп 23, 2020 21:51 Asia/Almaty
БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілдігі (UNAMA): "2019 жылы Ауғанстанда 3403 бейбіт адам қаза тауып, 6989 адам жараланды",-деді.
TOLOnews арнасының хабарлауынша, UNAMA өзінің соңғы есебінде Ауғанстанда қақтығыстар мен қатігездіктердің жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдіріп: "Үкіметке қарсы топтар 1666 бейбіт адам мен 1473 әскеридің қаза табуына себеп болды",-деді.
Осы есеп бойынша, Ауғанстанда бейбіт адамдардың қазасы әлі де жоғары. Бұл үдерістің алдын алу үшін қақтығыстар мен қатігездіктерді тоқтату керек.
Тегтер