АҚШ пен Талибан арасында Ауғанстан бейбіт келісіміне қол қойылды
(last modified Sun, 01 Mar 2020 10:17:21 GMT )
Нау 01, 2020 16:17 Asia/Almaty

Ауғанстанда соғысты тоқтату мақсатында бір жыл бойы өткізілген қысқа келіссөздерден кейін АҚШ пен Талибан бейбіт келісімге қол қойды.

АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Зулмай Халилзад мен Талибан басшысының саяси орынбасары Молагани Барадар сенбі күні Катардың астанасы Дохадағы бір рәсімде әртүрлі елдердің өкілдері мен басшыларының алдында Ауғанстанда соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімге қол қойды.