Иран Үндістанда мұсылмандарға қарсы жасалған қатігездікке өкініш білдірді
(last modified Mon, 02 Mar 2020 14:54:10 GMT )
Нау 02, 2020 20:54 Asia/Almaty
  • Иран Үндістанда мұсылмандарға қарсы жасалған қатігездікке өкініш білдірді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Үндістанда мұсылмандарға қарсы жасалған қатігездікке өкініш білдіріп: «Иран Үндістанды әралуан діндер мен мазхабтардың өкілдері тату тіршілік ететін ел деп біледі. Сондықтан мұндай ақпараттың таралуы алаңдатады»,-деді.

Үндістанда азаматтық заңға түзетулер енгізіліп, бекітілгеннен кейін үндістердің мұсылмандарға қатігездіктері арта түсті.  

Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күні бейнеконференция қалыбында өткен баспасөз отырысында Үндістанда мұсылмандарға қарсы қатігездіктердің тез арада тоқтатылатынына үміт білдіріп: «Біз үнді басшыларының көрегендігіне сенеміз»,-деді.

Мусави Иранның Түркия мен Сирия арасында арағайындықты жалғастыратынын айтып: «Теһран «Астана процесін» Сирия қайшылықтарын шешудің ең маңызды механизмі санайды, сондықтан нәтиже шығып, аймақта тыныштық орнағанға дейін талпыныстарын жалғастыра береді»,-деді.

Мусави АҚШ пен Талибан тобының келісімі туралы: «Иран Ауғанстандағы барлық бейбіт келісімдердің орталық үкіметтің ұйымдастыруымен әртүрлі топтардың бас қосуы нәтижесінде жасалуы қажеттігіне сенімді»,-деп еске салды.