Лариджани: Үндістан үкіметі текетіресті бейбіт жолмен шешуі тиіс
Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Үндістанда мұсылмандардың өлтіріліп жатқанына алаңдаушылық білдіріп, Нью-Делиден текетіресті бейбіт жолмен шешу үшін барлық әлеуеттерді пайдалануын сұрады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Лариджани бейсенбі күні мұсылмандардың Үндістан мәдениеті мен қоғамының бір бөлігі ретінде осы елдің дамуында маңызды рөл ойнайтынын айтып: «Үндістанда азаматтық құқық деп аталатын жаңа заң мұсылмандарға шектеулер қойды. Бұл мәселе халық арасында алаңдаушылық тудырды»,-деп еске алды.
Лариджани Үндістанның түрлі нәсілдер, тілдер, мазхабтар, әдет-ғұрыптар мен мәдениеттер мемлекеті екенін айтып: «Мұндай мәселелер үнді мәдениеті мен өркениетінің рухымен үйлеспейді»,-деді.
2019 жылдың 11 желтоқсанында Үндістанның азаматтық құқығына өзгеріс енгізілді. Заң бойынша, Бангладеш, Ауғанстан мен Пәкістаннан 2015 жылға дейін жарамды құжатсыз Үндістанға келген босқындар Үндістанның азаматтығын ала алады, бірақ бұл хақты мұсылмандар қолдана алмайды.