Батыс, иврит және араб ақпарат құралдары Иран халқына психологиялық шабуыл жасауда
https://itolqyn.com/news/world-i45786
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы коронавирустың таралуына байланысты дұшпандардың Иранға қарсы жаңа қастандығына тоқталып: «Иран халқы Батыс, иврит және араб ақпарат құралдарының психологиялық шабуылына ұшырады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 05, 2020 20:52 Asia/Almaty
  • Батыс, иврит және араб ақпарат құралдары Иран халқына психологиялық шабуыл жасауда

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы коронавирустың таралуына байланысты дұшпандардың Иранға қарсы жаңа қастандығына тоқталып: «Иран халқы Батыс, иврит және араб ақпарат құралдарының психологиялық шабуылына ұшырады»,-деді.

Әли Шамхани бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында «жасыру» туралы үлкен өтіріктің ирандықтардың психологиясына соққы берудің басты сөзі екенін айтып: «Дұшпандардың мақсаты – Иран халқының психологиялық  төзімділігін әлсірету арқылы коронавирустың әсерін арттыру»,-деді.

Шамхани бұдан бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранда коронавирусқа шалдыққандардың саны туралы ішкі іске араласушы сөздеріне реакциясында: «Помпео Иранда вирустың таралуын жасыру әрекеттеріне алаңдаушылық  білдіріп отыр. Ал бұл кезде Эйн-ул-Асадтағы оқиғаның шындығы, Ауғанстандағы тыңшы ұшақтың жағдайы, АҚШ-та өткен жылы грипптен қайтыс болғандар саны және басқа мәселелердің шындығы Ақ үй тарапынан жарияланбады»,-деді.