Иран мен Армения ынтымақтастықтарды кеңейтуді қолдады
(last modified Wed, 13 Apr 2016 14:52:58 GMT )
Сәу 13, 2016 20:52 Asia/Almaty
  • Иран мен Армения ынтымақтастықтарды кеңейтуді қолдады

Иранның Энергия министрі Армения қайраткерлерімен кездесуінде қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қолдады.

Иранның Энергия министрі Хамид Читчиян және Армения үкімет басшысы Овик Абраамян Ереванда екі елдің экономикалық және сауда- саттық ынтымақтастықтарын кеңейтуге, сондай- ақ энергия саласындағы ортақ бағдарламаларды күшіне енгізу үшін аймақтық ынтымақтастықтарға мүдделік танытты.

Солтүстік-оңтүстік дәлізі жөніндегі төрт жақты отырысқа қатысу үшін Арменияға сапар шеккен Иранның Энергия министрі армениялық қайраткерлермен сұхбаттасты.

Иранның Энергия министрі сондай- ақ Арменияның Энергия және табиғи ресурстар министрі Левон Йолянмен кездесуде Арменияда ирандық компаниялар тарапынан түрлі жобалардың жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ирандық және армениялық қайраткерлер энергия саласындағы ортақ жобаларға шолу жасаумен қоса ынтымақтастықтарды кеңейту бағытында екі елдің мүмкіндіктерін қолдануды қуаттады.

Арменияның Энергия және табиғи ресурстар министрі осы отырыста екі ел арасында көптеген мүмкіндіктердің бар екендігін, осы мүмкіндіктер бойынша энергия, экономика және сауда- саттық негізінде ынтымақтастықтарды ұлғайту керектігін баса айтты.

Иран, Ресей, Грузия және Арменияның төрт жақты отырысы төрт елдің электр желілерін қосу мақсатында өтуде.

Төрт елдің электр желілері 2019 жылға дейін бір- біріне қосылуы тиіс.