Аятолла Нури Хамадани үнді мұсылмандарының өлтірілуін сынады
Діни үлгі аятолла Хусейн Нури Хамадани Үндістанда экстремистердің үнді мұсылмандарын өлтіруін айыптады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хусейн Нури Хамадани бір жолауында: «Өкінішке орай, Үндістанда мұсылмандарды өлтіру – халықаралық ақпарат құралдарының үнсіздігі саясында орын алып жатқан ауыр қылмыс»,-деді.
Аятолла Нури Хамадани ислам елдері басшылары мен адам құқығы ұйымдарының бұл оқиғаны тек сырттай бақылап отырғанын айтып, Үндістан үкіметінің тез арада үстемшілдік және отаршылықпен күресуге қажетті шара ойластырып, осы мәселені шешетініне және мұсылмандардың бұл елде бұрынғыдай еркін өмір сүретініне үміт білдірді.
Үнді экстремистер мұсылмандарға шабуыл жасап, Нью-Делидің солтүстік-шығысында мешіттерді бұзып, мұсылмандар тұратын аудандарға бензин құйылған бөшкелер атты.
Үнді басшылары тарапынан жарияланған мәлімет бойынша, өткен аптадағы қақтығыстарда 50-ге жуық адам қаза тауып, 300-ге тарта адам жараланды.