Помпео қайтадан Ирандағы америкалық тыңшыларды босатуды талап етті
(last modified Wed, 11 Mar 2020 09:02:54 GMT )
Нау 11, 2020 15:02 Asia/Almaty
  • Помпео қайтадан Ирандағы америкалық тыңшыларды босатуды талап етті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сейсенбі күні араласушылық білдіретін мәлімдемесін шығарып, ИИР-да қамауда отырған америкалық тыңшыларды босатуды талап етті.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Помпео бұл жолы америкалық тыңшыны босату үшін  Иранда коронавирустың таралуын сылтауратып: «Бұл адамдар Иранда қамауға қате алынды»,- деп уәжденді. Помпео мен АҚШ-тың басқа басшылары бұдан бұрын Иранда қамауға алынған АҚШ тыңшыларын босатуды талап еткен болатын.

ИИР Сот билігі Ақ үй басшыларының америкалық тыңшыларды босату қажеттілігі туралы уәждеріне реакция білдіріп: «АҚШ басшылары әлемнің әртүрлі елдері, оның ішінде ИИР халқына күш көрсеткілері келеді»,- деді.