Помпео: Қытай мен Ресей коронавирус туралы мәліметтерді жасырып отыр
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео Ресей үкіметі мен Қытайдың билік басындағы партиясы коронавирус туралы мәліметтерді жасырып отыр деген уәж айтты.
Reuters-тің сәрсенбі күнгі мәліметінше, Майк Помпео Вашингтондағы Washington Wach радиостанциясына берген сұхбатта Қытайдың коронавирустың таралуы туралы ақпаратты кешіктіріп жариялайтынын тағы қайталап: «Бұл жағдай мыңдаған адамның өмірін қатерге тіреді»,- деді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иран мен Ресейді де коронавирус туралы қате мәлімет таратумен айыптады. Помпеоның бұл уәждері АҚШ-тың биотерроризммен айыпталуына білдірген реакциясы болды. Осыған дейін АҚШ армиясы коронавирусты шығарып, таратумен айыпталған болатын. Үкіметі коронавирус дағдарысын дұрыс басқармағаны үшін ішкі қысымға тап болған АҚШ Мемлекетік хатшысы: «Келешекте АҚШ пен Қытайдың қарым-қатынасы туралы маңызды шешім қабылданады»,- деді.