АҚШ Иранға тағы санкция салды
АҚШ Қаржы министрлігі Иранға тағы санкция салды.
Mehr News агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Қаржы министрлігі Иранмен байланысты 15 жеке тұлға мен 5 органды санкциялар тізіміне қосты. Коронавирус эпидемиясы әлемге таралып, санкциялардың онымен күресуге кедергі тудырып отырғанын көрген кейбір мемлекеттер Иранға салынған санкциялардың күшін жоюды талап еткеніне қарамастан, АҚШ тағы санкция салды. Бұл жолы санкциялар кейбір ирактық азаматтарды нысанаға алды. Санкциялық тізімге Әли Фархан Асади, Әлиреза Фадакари, Мәһди Қасемзаде мен тағы басқа адамдардың есімдері тіркелді. АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялық тізіміне түскен органдар мен компаниялар арасынан «Мотаджер Нуин Мадаен» ақционерлік қоғамы, «Саман» химиялық Таяу Шығыс компаниясын көруге болады. Бұл санкциялар Иранға қарсы санкцияларды тоқтату саласындағы халықаралық талаптар күшейген жағдайда салынып жатыр.