АҚШ коронавирус таралған жағдайда да Иранға қарсы санкцияларын жалғастырып отыр
(last modified Fri, 27 Mar 2020 14:21:14 GMT )
Нау 27, 2020 20:21 Asia/Almaty
  • АҚШ коронавирус таралған жағдайда да Иранға қарсы санкцияларын жалғастырып отыр

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Теһранға қарсы «мейлінше қысым» көрсету саясатын жалғастыру туралы сөзіне реакция білдіріп, Майк Помпеоны «жеккөрініш хатшысы» деп атады.

Мохаммад Джавад Зариф  тіпті «пандемия» деп жарияланған  аурудың да Майк Помпеоның өтірігіне тосқауыл бола алмайтынына тоқталып:  «Помпео қанша талпынғанымен, экономикалық терроризм, жазықсыздарды қырып-жою, коронавирусқа қарсы әлемдік күреске кедергі жасауға қатысты болуы мен соғысқұмарлығын теріске шығара алмайды»,- деп жазды. Америкалықтар Иранда коронавирустың таралуымен тұспа-тұс Теһранға бұл аурумен күресуге дайын екендерін сан рет жариялағанымен іс жүзінде Майк Помпео өткен сәрсебі күні Иран халқына қарсы «мейлінше қысым» көрсету саясаттын жалғастыратынын қуаттады. Сондай-ақ, АҚШ Қаржы министрлігі бейсенбі күні Иранға қарсы жаңа санкциялар салып, 15 жеке тұлға мен бұл елмен байланысты 5 компанияны өзінің санкциялық тізіміне тіркеді. АҚШ-тың бұл күндердегі әрекеттері өткен 40 жылдағы әрекеттерінен өзгермеді. Әр кезеңде америкалықтардың Иран халқына қарсы дұшпандығы жалғасып келеді. Саддам режимінің Иранға қарсы 8 жылдық соғысы кезінде жазықсыз ирандықтар Саддам режиміне берілген АҚШ қаруымен қырылып-жойылғандай бүгінде де АҚШ санкциялары Иран халқының денсаулығы мен өмірін қатерге тіреп отыр. АҚШ-тың біржақты санкциялары мен зорлық-зомбылық әрекеттері әлемдік ынтымақтастықтар мен кейбір елдердің тестер мен коронавирусқа шалдыққандар үшін қажет дәрі-дәрмектерге қол жеткізуіне қиындық тудыруда.  

БҰҰ-дағы Иран, Ресей, Қытай, Куба, Солтүстік Корея, Ирак, Венесуэла және Никарагуа елдерінің өкілдері ұйымның Бас хатшысы Антонио Гутерришке хат жазып, біржақты санкциялардың күшін жоюды қуаттап: «Қазіргі таңда кейбір мемлекеттер халықаралық заңдарды   әшкере бұзатын біржақты және заңсыз  санкциялармен бетпе-бет келіп отыр. Олар елдердің коронавируспен күресуін қиындатты», - деп жазды. Мемлекеттер АҚШ-тың Иран мен әлемнің басқа тәуелсіз елдеріне салған біржақты санкцияларының бақылаушысы болмауы керек.  Коронавирус әлемге зардап тигізіп жатыр. Ешбір мемлекет одан қорғалмаған. Тіпті әлемнің ірі экономикасы  да коронавируспен күресу  үшін халықаралық көмекті қажет етеді.  ИИР Сыртқы істер министрінің айтуынша,  АҚШ-тың біржақты қарақшылық санкцияларына бағынбауы моральдық қажеттілік.