ДАИШ басшысы тобының аймақтың барлау ұйымдарымен байланысын әшкереледі
Сәу 05, 2020 15:56 Asia/Almaty
ДАИШ лаңкестік тобының Хорасан тармағының басшысы «Аслам Фаруқи» деген атпен танымал Абдулла Оракзай аймақ елдері барлау ұйымдарының осы топпен ауқымды байланыста екенін әшкереледі.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік департаменті сенбі күні кешкі мәлімдемесінде: «19 жақын жақтасымен бірге Ауғанстанда қолға түскен ДАИШ лаңкестік тобының Хорасан тармағының басшысы Аслам Фаруқи осы топтың аймақ елдерінің, соның ішінде Пәкістанның барлау ұйымдарымен әріптестік жасайтынын мойындады»,-деп хабарлады.
Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік басқармасының мәліметіне сәйкес, Фаруқи Пәкістанның молдалар тұратын Оракзай ауданынан шыққан.
Тегтер