АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны ресми статистикадан жоғарырақ
Сәу 06, 2020 17:27 Asia/Almaty
The Washington Post газеті АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар санының ресми статистикадан жоғарырақ екенін хабарлады.
The Washington Post газеті АҚШ-тың медициналық мамандарының мәліметіне сілтеме жасап, ел үкіметінің коронавирустан көз жұмғандарға қатысты статистикасына тоқталып: «Вирустың тез таралуы ешқашан ешбір тізімге алынбаған көптеген америкалықтардың көз жұмуына себеп болғаны анық»,-деп жазды.
Осы мәліметке сәйкес, АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталықтары тек зертханаларда оң нәтижесі расталып, тіркелген адамдардың қазасын жариялайды.
Ресми статистикаға сәйкес, осы күнге дейін АҚШ-та 336 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, олардың 9600-ден астамы көз жұмды.
Тегтер