Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
(last modified Thu, 09 Apr 2020 08:19:32 GMT )
Сәу 09, 2020 14:19 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері кеше сәрсенбі күні коронавирусқа қарсы күрес саласындағы екі елдің ынтымақтастығы жөнінде телефон арқылы сөйлесті.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф пен Мұхтар Тілеуберді коронавирусқа қарсы күрес саласындағы екі елдің ынтымақтастығы жөнінде пікір алмасты.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирусқа шалдыққандардың санын 759 адам деп атап, 55 науқастың емделгенін хабарлады. Осы кезде Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, кейбір қалалар, соның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.