Қазақстан мен Өзбекстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артты
(last modified Mon, 20 Apr 2020 10:27:45 GMT )
Сәу 20, 2020 16:27 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артты

Қазақстанда тағы 24 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.

ТАСС ақпарат агенттігінің Нұр-Сұлтаннан хабарлауы бойынша,  Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні бұл елде  тағы 24 адамның коронавирус жұқтырғаны расталып, жалпы науқастар саны 1735 адамға жеткенін хабарлады.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, коронавирус жұқтырған 401 адамның емделіп, 19 адамның көз жұмғанын мәлім етті.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің де ресми статистикалық мәліметіне сәйкес бұл елде коронавирус жұқтырғандар саны 1490 адамға жеткен. Олардың ішінде 194 адам жазылып шықса, 5 адам көз жұмды.