АҚШ-та коронавирус науқастарының саны 7 таңбалы санға жетті
Worldometers-тің мәліметі бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 7 таңбалы санға жетіп, 1 миллион адамнан асты.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, аталмыш сайттың статистикасы бойынша Америкада коронавирус құрбандарының саны 56 мыңнан асты. АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті және 2020 жылғы президенттік сайлаудағы демократтардың үміткері Джо Байден: «АҚШ қазіргі кезде коронавирус эпидемиясының орталығына айналды. Коронавирусты жұқтырғандар мен соның салдарынан қайтыс болғандардың ең көп саны осы елге тиесілі»,- деді. АҚШ-тағы коронавирус пандемиясының дағдарысы Дональд Трамптың рейтингінің күрт төмендеуіне себеп болды. USA Today пен Suffolk University жалпыұлттық сауалнамасы оған қатысқандардың 44 пайызының Байденді, 38 пайызының Трампты қолдайтынын көрсетті.