Трамп коронавирустың таралуын тағы Қытайдың ісі деп атады
(last modified Fri, 01 May 2020 13:26:20 GMT )
Maм 01, 2020 19:26 Asia/Almaty
  • Трамп коронавирустың таралуын тағы Қытайдың ісі деп атады

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні кешке өткен баспасөз отырысында АҚШ-тың барлау қоғамының мәліметіне қайшы тағы: «Коронавирус Қытайдың Ухань зертханасында жасалды»,- деген уәж айтты.

 

Fars News  агенттігінің хабарлауынша, Трамп: «Қытай вирустың  қалай таралғанын және оның таралуының қате  немесе қасақана  болғанын түсіндіруі керек»,- деді.   АҚШ Ұлттық барлау кеңсесінің директоры бейсенбі күні қолындағы құжаттардың коронавирустың адам жасамағанын, оның генетикалық мәліметтерінің өзгермегенін көрсететінін қуаттады.