Өзбекстан Қазақстан халқына келтірген шығынын өтеу үшін алғашқы қадам жасады
Maм 07, 2020 18:21 Asia/Almaty
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанның су астында қалған халқының шығынын өтеуге әзірлігін жариялады.
Шавкат Мирзиеев 5 мамыр күні: «Өзбекстан Қазақстанның су басқан аудандары тұрғындарының қиындықтарын шешуге көмектесуге әзір»,-деді.
Соңғы екі жылда бұл екі елде басшы ауысты.
Екі ел де кейбір жұмсақ реформалар жасауды көздейтін сияқты. Осыған қатысты Орта Азия істері жөніндегі ресейлік сарапшының пікірі бойынша, «Ташкентте барлық жұмсақ өзгерістер сәтті жүзеге асырылды. Өзбекстанда Мирзиеев билік басына келгеннен кейін Нұр-Сұлтан мен Ташкент аймақты басқаруды қолға алуға талпынып жатыр».
Шындығында Өзбекстан мен Қазақстан басшыларының дәстүрлі бәсекелестігі Орта Азия жетекшілігін қолға алуға бағытталған жаңа бәсекелестікке ұласты.
Осы жағдайды ескеріп, Өзбекстан Президентінің Қазақстанның су астында қалған өңірлеріне көмектесуге әзірлігін жариялауының екі тұрғыдан маңызы зор деп айтуға болады.
Осы жолдаудың маңыздылығының бірінші дәлелін Шавкат Мирзиеевтің өзінің қазақ әріптесінің сөзіне сындарлы реакция білдіруі деп түсінуге болады. Қазақстанның шекаралық аудандарын су басқаннан кейін осы ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі жазбасында: «Бөгеттің бұзылғанын ескертпегені үшін Өзбекстан үкіметінің үстінен шағым түсіремін»,-деп мәлімдеді.
Шын мәнінде Өзбекстан Президенті өз жолдауы арқылы Қазақстан үкіметінің қысымын азайтуға тырысып жатыр.
Өткен сенбіде жауын-шашын салдарынан Өзбекстан жеріндегі Сырдария өзенінің үстіне салынған Сардоба бөгеті бұзылып, осы елдің кейбір тұрғын аудандары мен Қазақстанның Түркістан облысындағы шекаралық аудандарды су басып, мыңдаған қазақ жанұясы баспанасыз қалды.
Өзбекстан Президентінің соңғы мәлімдемесінің маңыздылығының екінші дәлелін бұл елдің Орта Азияда Қазақстанмен аймақтық бәсекелестігінің жалғасуы деп түсінуге болады.
Қазақстан Орта Азиядағы ең ірі ел болса, Өзбекстан – халқының саны көп ел. Осы екі ерекшелік Өзбекстан мен Қазақстан үшін аймақтық деңгейде бәсекелесуге жағдай жасады.
Мұнымен қоса, Өзбекстан мен Қазақстан бәсекелестігінің көршілес екі ел басшысын одан әрі әріптестік жасауға итермелеп отырғанында күмән жоқ.
Тегтер