Maм 08, 2020 16:56 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Корея баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

Оңтүстік Кореяның армиясы үлкен оқтұмсық бекітілген бір баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді.


Fars ақпарат агенттігінің Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, осы ел армиясы бейсенбі күні салмағы 2 тонна оқтұмсықты тасымалдай алатын бір баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген.

Оңтүстік Кореяның армиясы 2 тонналық оқтұмсықты тасымалдауға қабілетті баллистикалық зымыран жасау талпынысын 2017 жылы бастаған.

Солтүстік Кореяның аймақта зымыран сынауына наразылық білдіретін Оңтүстік Кореяның өзі осындай сынақ жүргізді.

Солтүстік Корея елінің зымырандық қуаты АҚШ пен оның одақтастарына, соның ішінде Оңтүстік Кореяға қарсы тұру үшін қажет деп санайды.

Пхеньян Корей түбегінде АҚШ пен одақтастарының зымырандық сынақ өткізуін аймақтағы текетірестің басты факторы деп атады.   

 

Тегтер