ХКҰ АҚШ-тың әлемдегі бейбіт тұрғындардың өлімі туралы жалған мәлімет беретінін мәлімдеді
(last modified Mon, 11 May 2020 12:46:37 GMT )
Maм 11, 2020 18:46 Asia/Almaty
  • ХКҰ АҚШ-тың әлемдегі бейбіт тұрғындардың өлімі туралы жалған мәлімет беретінін мәлімдеді

АҚШ 2011 жылдың 11 қыркүйегінен кейін лаңкестікпен күрес сылтауымен әлемнің түрлі жерлерінде әскери амалдар жасаумен қатар, Ауғанстан және Ирак елдеріне шабуыл жасап, басып алды. Сонымен қатар АҚШ ОББ мен Пентагон Пәкістан, Йемен мен Сомали сияқты кейбір елдерде ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады. Осындай шабуылдардың салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, инфрақұрылымдар қиратылды.

Осы шындыққа керісінше, АҚШ әрдайым өзінің әртүрлі елдерге әуеден ұшқышсыз ұшақтармен шабуылдарының шығындарының шектеулі болғанын айтып келеді. Бұл мәселе Халықаралық Кешірім ұйымының қатаң реакциясына ұшырады. Адам құқығын қорғаушы осы ұйым Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың әуе шабуылдарында қаза тапқан бейбіт тұрғандар саны жөнінде жалған ақпарат бергенін әшкерелеп, Вашингтонның бұл салада нақты мәлімет беруден жалтарып отырғанын айтты.

Халықаралық Кешірім ұйымы осы мәлімдемесінде 2019 жылы АҚШ-тың әуе шабуылдарынан 130 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын айтып: «Біздің әртүрлі аймақтарда жүргізген ауқымды да толық тексерісіміз бойынша, АҚШ армиясы әлі күнге дейін осы елдің әуе шабуылдары салдарынан қаза болғандар мен жараланғандардың санын шынайы жағдайдан төмен көрсетіп отыр»,-деп жазды.

Трамп үкіметінің АҚШ қарулы күштерінің басып алынған елдер мен ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция қалыбында орналасқан Сирия сияқты елдердегі шынайы әрекеттеріне қатынасы мынадай: АҚШ-тың ұшақтары және ұшқышсыз ұшақтарымен шабуылдары салдарынан қаза болған бейбіт тұрғындар саны жайлы қате, жалған ақпарат беріп, адам шығынын шынайы статистикадан әлдеқайда төмен көрсетіп отыр. Америкалықтар бейбіт тұрғындар өлімі мәселесіне талай рет немқұрайды қарап, оны қосалқы шығын (Collateral damage) деп атады.

Басқа мәселеде Вашингтон басып алынған аймақтарда, соның ішінде Ауғанстанда америкалық күштердің қылмыстарын тексеруге кедергі келтіріп отыр.  Вашингтон Халықаралық қылмыстық соттың америкалық күштердің Ауғанстанда жасаған қылмыстарын тексеруге талай рет қарсылық білдіріп, бұған қатысты қоқан-лоққы қатынасын көрсетті. Трамп үкіметінің Халықаралық қылмыстық сотта америкалық күштердің Ауғанстандағы қылмыстарын тексеруге қарсылығы Вашингтонның өз әскерилерінің адамгершілікке жат әрекеттерінен хабардар екенін білдіреді.  

 

Тегтер