Иран мен Қазақстан Президенттері екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуді қуаттады
Иран мен Қазақстан президенттері екі елдің қарым-қатынасын даму үстінде деп бағалап, әртүрлі саладағы қарым-қатынастарды кеңейту және тереңдету үшін талпыныс жасайтындарын қуаттады.
Хасан Рухани мен Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, коронавирус пандемиясының әлем үшін көптеген проблема тудырғанына тоқталып, коронавирусқа қарсы күрес тәжірибесімен алмасудың маңыздылығын мәлімдеді.
Рухани мен Тоқаев Иран мен Қазақстанның әрқашан қиын күндерде бірге болғанын айтып, екі елдің денсаулық сақтау министрліктерінің коронавирусқа қарсы күрес саласында, әсіресе Иранның желдеткіштері, N-95 маскалары және серологиялық тестерін экспорттау саласындағы ынтымақтастықтарын арттыруға келісті.
Иран мен Қазақстан президенттері, сондай-ақ, АҚШ-тың коронавирус пандемиясы және оның адамдардың өміріне тигізіп жатқан әсері кезінде заңсыз санкцияларын жалғастыруына тоқталып, әсіресе қазіргі жағдайда оларды алып тастау қажеттігін қуаттады.