Уақыт өткен сайын мұсылмандар имам Хомейнидің маңызын көбірек түсінеді
https://itolqyn.com/news/world-i47015-Уақыт_өткен_сайын_мұсылмандар_имам_Хомейнидің_маңызын_көбірек_түсінеді
Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясы ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейниді әлемнің түкпір-түкпіріндегі Ислам бірлігінің ту ұстаушысы деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 03, 2020 17:44 Asia/Almaty
  • Уақыт өткен сайын мұсылмандар имам Хомейнидің маңызын көбірек түсінеді

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясы ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейниді әлемнің түкпір-түкпіріндегі Ислам бірлігінің ту ұстаушысы деп атады.

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясы сейсенбі күні ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің қайтыс болғанына 31 жыл толуына орай жасаған мәлімдемесінде: «Имам Хомейни бірлікті жаңа ислам өркениетінің негізі деп атап, түйткілге толы заманда мұсылмандар арасында қырағы болуды қайта таратуға тырысты»,-деді.

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясы ислам үмбетінің имам Хомейниден бірнеше онжылдық өткеннен кейін исламдық бірлікке қажеттілікті тереңірек сезініп отырғанын айтып: «Уақыт өткен сайын мұсылмандар имам Хомейнидің маңызын көбірек түсініп, оның ойларының тереңдігін көбірек ұғынады. Марқұм имамды ислам бірлігінің ту ұстаушысы санайды»,-деп қуаттады.