Трамп елінің бұрынғы Қорғаныс министріне тіл тигізді
АҚШ Президенті өз үкіметінің бұрынғы Қорғаныс министрінің сынына реакция білдіріп, оны «құтырған ит» деп атап: «Оны жұмыстан шығарғаныма қуаныштымын»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп бейсенбі күні Twitter-де елдің бұрынғы Қорғаныс министрі Джеймс Меттистің сынына жауап беріп: «Барак Обама мен менің жалғыз ортақ нәрсеміз екеуіміз де өзін шектен тыс, әлемнің үлкен генералы санаған Джеймс Меттисті жұмысынан босатқанымызды мақтан тұтуымыз болар»,- деп жазды.
Трамп үкіметінің бұрынғы Қорғаныс министрі Меттис бейсенбі күні таңертең өз мәлімдемесінде Трамптың америкалық қара нәсілді Джордж Флойдтың өлімі мен одан кейінгі тынышсыздықтарға қолданған әрекеттерін сынап, оны АҚШ Конституциясы үшін қатер деп атады. Пентагонның бұрынғы басшысы, сондай-ақ, армия күштерінің наразыларды басып-жаншуға қатысуын сынап: «АҚШ қалаларын қақтығыс майданына айналдыру мен азаматтардың наразылықтарына әскери күштердің көмегімен жауап беруден бас тарту керек»,- деді.