Ашраф Ғани талибандарды шабуылдарын тоқтатуға шақырды
Маусым 04, 2020 19:36 Asia/Almaty
Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани талибандарды бейбітшілік және атысты тоқтату келіссөздерінің басталуымен шабуылдарын тоқтатуға шақырды.
Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ашраф Ғани бейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Ораза айт күндері атысты тоқтатуымен халықтың ризалығына ие болғандай, талибандар осы кезде де шабуылдарын тоқтатып, бейбітшілік келіссөздерін бастауы керек. Үкімет мәлімдемесінде қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етіп, елде соғысты тоқтату керектігін қуаттады»,- деді. Ашраф Ғани бұдан бұрынғы видеоларының бірінде талибандардан коронавируспен күресіп, соғысты тоқтату үшін атысты тоқтатуды талап етті.
Тегтер