Иранға қарсы қайталамалы санкцияларымен АҚШ сәтсіздікке ұшырады
АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін «барынша қысым» саясаты арқылы Иранды әлсіретіп, артынан келіссөздер үстеліне келтіруге күш салды, бірақ сәтсіздікке ұшырады.
АҚШ санкциялары күшейген шақта Иранның экономиканы басқару мен коронавирустың таралуын бақылаудағы сәттілігі және бұдан маңыздырақ 5 ирандық танкердің Венесуэлаға жетуі іс жүзінде АҚШ-тың «барынша қысым» саясаты мен біржақты санкцияларын әлемдік деңгейде түйткілге ұшыратты.
АҚШ әртүрлі салаларда санкцияларды күшейту арқылы Иранды өзінің талап-тілектеріне көндіруге тырысты. Бірақ Иран халқының табандылығы америкалықтар басшыларға қайталамалы санкцияларға бет бұрғаннан басқа амал қалдырмады. Венесуэла суларында Иранның құдіреті дәледенгеннен кейін АҚШ жаңа шарасында Иранның кеме компанияларына санкция салды.
АҚШ-тың әрбір санкциясының Иранның қырағы шешімімен сәтсіздікке ұшырап жатқаны көңіл аударуға тұрарлық. Бұл америкалықтарға мынадай жолдау береді: Иран «барынша қысым» мен қайталамалы санкциялар алдында тізе бүкпейді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сейіт Аббас Мусави сәрсенбі күні АҚШ-тың ирандық кеме компаниялары мен танкерлеріне қарсы жаңа санкцияларына реакциясында: «Америкалық басшылар қайталамалы санкциялар қолдану арқылы тек өздерін әуреге салады. Иран мұндай санкциялар мен қысымдарға тізе бүкпейді»,-деді.
АҚШ-тың Иранға санкция деген ойыны іс жүзінде сәтсіздігін көрсетті. Осы күндері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға бағытталған талпынысы да осы аяда атқарылып жатыр.
АҚШ «барынша қысым» арқылы Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орнына өз мүддесіне сай келіссөздер үстеліне тарта алмағаннан кейін жаңа ойын бастап, іс жүзінде ядролық келісімнің мүшесі болмаса да, оған қатер төндіруді көздеп отыр.
АҚШ-тың жаңа шарасы осы күнге дейін Қытай, Ресей мен Еуропаның теріс реакциясына ұшырады. Бүгінде әлемнің АҚШ-қа қатысты ерік-жігері тағы сынақтан өтіп жатыр.
Қытай мен Ресейдің ұстанымына байланысты АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде 2020 жылдың қазан айынан кейін Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту жолында кедергіге ұшырап отыр. Бірақ ақырында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бір тарабы Еуропа елдерінің әріптестігімен «Моше» механизмі іске қосылатын болса, Иранның жауабы кесімді болмақ.