Ресей: АҚШ пен НАТО-ның болуы Ауғанстанда жағдайды қалыптандыруға кедергі жасап отыр
Ресей: «Ауғанстанда АҚШ пен НАТО күштерінің болуы арандатушылық тудырады және бұл елді қалыптандыруға кедергі болып отыр»,-деп қуаттады.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ ақпарат хатшысы Мария Захарова: «АҚШ пен НАТО-ның әскерилерін шығару және Ауғанстандағы жағдайды қалыптандыру осы елдің басшыларына лаңкестік қатерлері және есірткі заттарына қатысты қылмыстармен әсерлірек күресуге мұрсат береді»,-деді.
Захарова: «АҚШ пен НАТО күштерінің шығарылуы Орта Азияда қауіпсіздік қатерлерін арттырмайды»,-деді.
Ресей америкалық күштерді Ауғанстанның солтүстігінде ДАИШ лаңкестік тобына база жасауға талпынып жатыр деп сан рет айыптады.
Ауғанстан халқы америкалық күштерді елдегі соғыс пен дағдарыстың жалғасуына жауапты санайды.