Путин АҚШ басқарған Батыстың біржақтылығын сынады
Батыстың өз құндылықтары мен армандарын әлемге таңу талпынысы әрқашан басқа елдердің қарсылығымен бетпе-бет келді.
Батыстықтар, әсіресе АҚШ үнемі әлемді билеп-төстеп, біржақты механизмдер мен әрекеттерді қолдануды көздеді. Бұл мәселе Батысқа бәсеке мемлекеттер, олардың ішінде Ресейдің теріс реакциясына себеп болды. Бұл салада Ресей Президенті Владимир Путин АҚШ басқарған Батыс мемлекеттерінің біржақтылыққа сүйенген саясаттарын сынады. Путин: «Өзімшілдік пен халықаралық қарым-қатынасты билеу мақсат - тұйыққа тіреледі. Сондықтан кез келген жолмен билеп-төстеуге жету халықаралық саладағы өзімшілдік саналады және ол қарым-қатынасты тұйыққа тіреудан басқа нәтижеге жетпейді. Әлем ортақ мәселелерді шешу үшін бірігуден маңыздылау еш нәрсенің жоқтығын түсінуі керек. Біржақтылық ешбір мемлекетке халықаралық деңгейде әсерлі болуға рұқсат бермейді»,- деді. Ресейдің бұл көзқарасы Батыстың билеп-төстеуіне қарсы Қытай мен Иранның қолдауына ие болды. 2020 жылдың маусым айының ортасында Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері өз мәлімдемесінде АҚШ пен оның кейбір батыс одақтастарының халықаралық саладағы біржақтылығын қуаттады. Ресейдің жоғары лауазымдылары кейбір Батыс үкіметтерінің әлемдік көшбасшылық туралы уәждеріне қарсылық білдіруімен бірге, олардың қоқан-лоққы мен санкциялары, сондай-ақ әлемнің басқа елдеріне өз құндылықтары мен армандарын қабылдаттыру қысымдарын сынады. Ресей қазіргі кезде Батыстың, әсіресе АҚШ-тың әртүрлі сылтаулармен енгізген санкцияларымен бетпе-бет келуде. АҚШ-тың халықаралық бәсекелері, әсіресе Ресей мен Қытай Батыс Вашингтонның біржақты және өз ұстанымын басқа үкіметтерге таңу саясатына қарсылық білдіретіндерін қуаттады. 2019 жылы Путин Мәскеудегі сегізінші халықаралық қауіпсіздік басқосуда АҚШ-тың халықаралық әрекеттерінің қатерлі салдарлары туралы ескертіп: «АҚШ әрекеттері тұрақтылықты бұзды және әлем қауіпсіздігі үшін қатерлі, сондай-ақ елдерге қарсы халықаралық заңдарға қайшы экономикалық-саяси қысымдарды іске асырды»,- деді. Путин Трамптың АҚШ-тың артықшылығы мен басқа үкіметтердің Вашингтон саясаттарынан үлгі алуы қажеттілігі туралы сөздеріне тоқталды. Бұл ұстанымдар АҚШ бәсекелестері Ресей мен Қытайдың қарсылығымен бетпе-бет келді. Путиннің пікірінше Ресей мен Қытай тұрақтылықтың факторы. Мәскеу пен Бейжин халықаралық өзгерістер мен әлемдік жүйенің оқиғалары әлемнің көпполярлық жүйеге қарай бет алуын растайды деп санайды. АҚШ болса, бірполюстік жүйені сақтауға және ол арқылы әлемдік полиция рөлін атқаруға талпынуда.