Шіл 09, 2020 20:16 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливиядағы шетелдік араласудың артуына алаңдаушылық білдірді

Ливиядағы азаматтық соғыс Халифа Хафтар басқарған Ливия ұлттық армиясының 2019 жылдың сәуір айынан Триполиді басып алу және ұлттық Вафақ үкіметін құлату мақсатымен жасалған шабуылдары және бұл соғыстың екі жағының жақтастарына шетелдік араласу жасалуымен алаңдаушылық тудырды. Мәселеге реакция білдіріп, БҰҰ бұл елдегі шетелдік араласуды тоқтатуды талап етті.

 

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш сәрсенбі күні Қауіпсіздік кеңестің видео форматта өткен отырыста  Ливиядағы аралсышылықтардың артқандарына тоқталып, қақтығыстың екі жағы мен олардың қолдаушыларын келіссөз бен келісімге шақырды. Мәлімдемелерге сәйкес соғыстың салдарынан 400 мыңнан астам ливиялық босқынға айналды.

Түркия, Италия мен Қатар ұлттық вафақ үкіметі, ал Сауд Арабиясы, Мысыр, Біріккен Араб Әмірлігі, Грекия мен Түркия Ливияның ұлттық  армиясы қолбасшысын қолдайды. Қазіргі кезде Біріккен Араб Әмірлігі  Табаркте орналасқан Шығыс Ливия үкіметін қолдап,  Ливияның ұлттық армиясы деп атанған күште қолбасшысы Халифа Хафтарды қолдап, әуе және ұшқышсыз ұшақтар шабуылдарымен ұлттық вафақ үкіметі күштерінің позицияларын нысанаға алып, Халифа Хафтар күштеріне әртүрлі қару жіберді. Мысыр Ливияға көршілес мемлекет және Халифа Хафтардың негізгі қолдаушысы ретінде оның күштеріне қолдау көрсетті. Басқа жақтан Түркия вафақ үкіметінің негізгі қолдаушысы ретінде тікелей әскери қатысуымен Траблус үкіметіне әртүрлі қару мен әскери жабдықтар  жіберіп, Ливияның маңындағы Жерорта теңізінде әуе және теңіз күштерін арттырды. Бұл алдыңғы келісімдерге, атап айтқанда, Ливиядағы қарулы қақтығыстар және мен бұл мұнайға бай Солтүстік Африка  елінің ішкі істеріне бөгде мемлекеттердің араласпауы туралы 2020 жылдың қаңтарындағы Берлин конференциясының мәлімдемесіне қайшы келеді.  Еуропалық Одақ пен Германия бірнеше рет елдегі қақтығысты тоқтатуға шақырды. Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас бұл туралы: «Ливияға араласу бұл елдің мәселелерін саяси жолмен шешуге үлкен кедергі болды»,- деді. Ресей Хафтарды   қолдаушы елдердің бірі болып, Ливиядағы соғысты тоқтату қажеттігін баса айтты. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні: «Ливиядағы атысты тоқтату үшін біз Түркиямен ынтымақтастық етудеміз»,- деді. Ол сондай-ақ түркия ұлттық вафақ үкіметін атысты тоқтату келісімге қол қоюға көндіреді деп үміттенді. Ливиядағы вафак үкіметі мен Халифа Хафтар күштері арасында жалғасып жатқан соғыс шетелдік қолдаудың жалғасуымен ғана мүмкін болды. Осыған орай қазіргі қақтығысты тоқтату үшін екі тарапқа қару-жарақ жіберуді тоқтату қажет. Сонымен бірге Ливиядағы азаматтық соғысқа қатысушы тараптардың жақтастарының көзқарасын өзгерту, атысты тоқтату және дағдарысты шешу үшін саяси келіссөздерді бастау керек.

 

Тегтер