Шіл 21, 2020 19:22 Asia/Almaty
  • Мәскеу АҚШ-тың Шешенстан Республикасы президентіне қарсы санкция қолдануына ескерту жасады

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мәскеудің Вашингтонның Шешенстан президентіне санкция енгізуіне жауап қайтаратынын ескертті.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, адам құқығын бұзуға айыптап, АҚШ-тың Шешенстан президенті Рамзан Қадыровпен оның әйелі және екі қызына қарсы санкция енгізуі Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарованың реакциясымен бетпе-бет келді. Мария Захарова Facebook парақшасында АҚШ-тың Ресейге қарсы, нақты айтқанда Шешенстан президенті мен оның отбасына қарсы санкция енгізу әрекетіне тоқталып, Мәскеудің Вашингтонның бұл әрекетіне жауап қайтаратынын қуаттады.

   

 

Тегтер