Зариф: Сауд Арабиясы Иранмен қарым-қатынас орнатқысы келмейді
https://itolqyn.com/news/world-i47614
ИИР Сыртқы істер министрі Иранның Сауд Арабиясымен жақсы қарым-қатынас орнатуға дайын екенін, бірақ өкінішке орай Сауд Арабиясы үкіметінің Иранмен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 22, 2020 16:13 Asia/Almaty
  • Зариф: Сауд Арабиясы Иранмен қарым-қатынас орнатқысы келмейді

ИИР Сыртқы істер министрі Иранның Сауд Арабиясымен жақсы қарым-қатынас орнатуға дайын екенін, бірақ өкінішке орай Сауд Арабиясы үкіметінің Иранмен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавда Зариф Ресей  Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Мәскеудегі бірлескен баспасөз отырысында Иранның әрқашан шекаралас елдермен жақсы қарым-қатынас орнатқысы келетініне тоқталып: «Көршілес елдермен жақсы қарым-қатынас орнату – Иранның сыртқы саясатының басыт тақырыбы»,- деді. Зариф Иранның Парсы шығанағы аймағы елдермен қарым-қатынасын дамыту ерік-жігерін қуаттап,  Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігімен екіжақты құрмет негіздерінше қатынас орнатуға әзірлігін жариялады. Ол Ресейдің Парсы шығанағы аймағы үшін қауіпсіздік жобасын еске салып: «Иран «Ормұз бейбітшілігі» жобасын ұсынған, бұл жоба Ресей жобасына қайшы емес»,- деп мәлімдеді.