Жетістіктерді бұрмалау – дұшпандардың Иранға қарсы психологиялық соғысының басты бағыты
(last modified Tue, 04 Aug 2020 13:04:13 GMT )
Там 04, 2020 19:04 Asia/Almaty
  • Жетістіктерді бұрмалау – дұшпандардың Иранға қарсы психологиялық соғысының басты бағыты

ИИР Президенті: «Иранның жетістіктерін бұрмалап, үкіметті тиімсіз деп көрсетуге тырысу – дұшпандардың Иранға қарсы психологиялық соғысының басты бағыты»,-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні үкіметтің экономикалық үйлестіру штабының жиналысында Ислам революциясы жетекшісінің дұшпандардың Ирандағы экономикалық дамудың алдын алу үшін қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттары туралы айтқан сөздеріне тоқталып: «Бұрамалау және санкция салу ағымдары Иранның экономикалық қозғалысын тоқтату және елдің жетістіктерін солғындатып, келешекті жағымсыз етіп көрсету арқылы аталған мақсатты орындауды көздейді»,-деді.

Рухани коронавирустың әлем экономикасына, тіпті дамыған елдердің экономикасына ауыр шығындар әкелгенін айтып: «Ирандағы өндіріс жағдайын басқа елдердің жалпы ішкі өнімінің төмендеуімен салыстыру жаһандық дағдарыста Иран экономикасының төзімділігі жоғары болып шыққанын көрсетті. Еуропада жалпы ішкі өнім 10 пайызға, АҚШ-та 30 пайызға төмендеді»,-деді.