Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын уақытша тоқтатты
Там 09, 2020 16:20 Asia/Almaty
Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын уақытша тоқтатты.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркия елшілігі кеше сенбі күні жасаған мәлімдемесінде бұл шешім Түркия мен Қазақстан арасындағы жолаушылар тасымалдайтын барлық авиакомпанияға қатысты болады деп атап айтты.
Түркия елшілігі: «Коронавирустың таралуы Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстердің уақытша тоқтатылуына себеп болды. Ауру басылған соң екі ел арасындағы тұрақты рейстер қайта жалғасады», - деп мәлімдеді.
Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков елдің Түркияға туристік рейстерін 10 тамыздан қайта бастау туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.
Тегтер