Рухани Макронға: Еуропа АҚШ-тың ықпалында қалмасын
Иран Президенті Франция басшысымен сұхбатында АҚШ-тың әрдайым «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жоюға әрекет етіп келе жатқанын айтып: «Еуропа АҚШ-тың ықпалында қалмауы керек, тұзағына түспеуі тиіс»,-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбаттасып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары бойынша Иранға қарсы қару-жарақ санкциясының 18 қазанда жойылатынын айтып: «АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған қарары №2231 қарарға қайшы. Барлық елдер, әсіресе 4+1 тобына мүше елдер бұған кесімді түрде қарсы шығуы керек»,-деді.
Рухани: «АҚШ екі жыл бұрын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққандықтан бұл келісімнің механизмін пайдалануға құқығы жоқ»,-деді.
Франция Президенті де ядролық келісімді сақтау қажеттігін айтып: «Францияның Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы көзқарасы АҚШ-тікінен басқа. Бұл ұстаным АҚШ-қа тікелей жарияланды. Франция Еуропаның Иранмен арадағы қаржы жүйесінің белсендігін арттыруға күш салып жатыр»,-деді.