Экономикалық ынтымақтастықтарды күшейту Назарбаев пен Ердоғанның Түркиядағы келіссөздерінің өзекті тақырыбы болды
(last modified Thu, 14 Apr 2016 14:59:20 GMT )
Сәу 14, 2016 20:59 Asia/Almaty
  • Экономикалық ынтымақтастықтарды күшейту Назарбаев пен Ердоғанның Түркиядағы келіссөздерінің өзекті тақырыбы болды

Қазақстан мен Түркия президенттері экономикалық және сауда- саттық ынтымақтастықтарын анағұрлым нығайту қажеттігін қуаттады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының отырысына қатысу үшін сәрсенбі күні түстен кейін Түркияның Ыстамбұл қаласына келген Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Тараптар экономикалық, сауда- саттық, қаржы салу және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады.

Назарбаев осы кездесуде сөйлеген сөзінде түрік компаниялары Қазақстан үкіметі тарапынан жоспарланған өнеркәсіпті дамыту және инновациялық бағдарламаларды іске қосуға белсенді түрде қатыса алады деді.

Қазақстан республикасының Елбасы сөзінің жалғасында «Астананың» ДСҰ- ға қосылуының жалғасуын даму үшін және түрлі елдермен, соның ішінде Түркиямен сауда- саттық көлемін арттыру үшін жақсы мүмкіндік деп атады.

Қазақстан республикасының Елбасы сондай- ақ «Экспо-2016» мен «Экспо-2017» көрмелерін Анталия мен Астанада өткізу шеңберінде екі елдің тәжірибе алмасуының маңыздылығын қуаттады.

Түркия президенті де осы кездесуде ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін қос жақты байланысты көбірек нығайтуға мүдделік танытты.

Күн тақырыбындағы басты мәселелер, соның ішінде халықаралық лаңкестік және экстремизм мәселесі Қазақстан мен Түркия президенттері сол кездесу барысында талқыға салып, ой бөліскен келесі тақырыптар болды.