Портлендте нәсілдікке қарсы наразылықтар жалғасуда
Қыр 19, 2020 18:14 Asia/Almaty
АҚШ-тың Орегон штатындағы өрттеріне байланысты Портлендте тоқтатылған нәсілдікке қарсы наразылықтар жұма күні қайта басталды.
Шеруге шыққан наразылық білдірушілер АҚШ-тағы нәсілдік пен әділетсіздікке қарсы ұран айтты. Портленд полициясы наразыларды ыдырату үшін көз жасаурататын газ қолданып, бірқатар адамды қамауға алды.
2020 жылдың 25 мамырында қара нәсілді америкалық азамат Джордж Флойдты өлтірілгеннен кейін АҚШ-тың түпкір-түпкірінде полицияның қатыгездігі мен нәсілдігіне қарсы кең ауқымды наразылықтар басталып, қазіргі кезге дейін жалғасуда.
Тегтер