Армения Гяндже қаласына зымырандық шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/world-i48517
Армения Әзірбайжанның екінші ірі қаласы Гяндженің тұрғын аудандарына зымырандық шабуыл жасағаннан кейін Иранның Бакудегі елшілігі әскери емес нысандар мен тұрғын аудандарға шабуылды айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 05, 2020 15:09 Asia/Almaty

Армения Әзірбайжанның екінші ірі қаласы Гяндженің тұрғын аудандарына зымырандық шабуыл жасағаннан кейін Иранның Бакудегі елшілігі әскери емес нысандар мен тұрғын аудандарға шабуылды айыптады.

Осы шабуылда 1 бейбіт тұрғын қаза тауып, 4 адам жараланды. Әзірбайжан республикасы Қарабақта орналасқан ең ірі қала Степанокертті нысанаға алды. Армения Қорғаныс министрлігі кеше Әзірбайжан армиясының Қарабақтың тұрғын аудандарына бірнеше сағат бойы бұрын‑соңды болмаған үздіксіз шабуылдар жасағанын хабарлады.