Ресей, АҚШ пен Франция Қарабақ туралы ортақ мәлімдеме жасады
Ресей Сыртқы істер министрі, АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Франция Сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының жетекшілері ретінде Армения мен Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығысын тоқтатуды талап етті.
Сергей Лавров, Жан-Ив Ле Дриан мен Майк Помпео ортақ мәлімдемесінде Армения мен Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығысын тоқтатуды талап етуімен бірге, аймақтағы қақтығыстың бұрын-соңды күшейгенін айыптады. Минск тобының Сыртқы істер министрлері Қарабақ аймағындағы қақатығысушылардан жылдам және ешбір шартсыз атысты тоқтатуды талап етті.
Таулы Қарабах аймағындағы Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстар өткен аптаның жексенбі күні таңертең қайта жалғасып, қазірге дейін көптеген адамдардың қаза болуына себеп болды.