Еуропа Иранға қарсы санкциялардың күшін жоя алмады
АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзып, одан шығып кеткенінен кейін Иран бір жыл бойы бұл келісімде қарастырылған міндеттемелерін толық орындауды жалғастырды.
Бұл кезеңде еуропалықтар Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықпауды сұрап, өз міндеттемелерін орындауымен бірге АҚШ-тың шығуынан тиген шығынның орының толтыру туралы уәде берді. Бірақ іс жүзінде өз міндеттемелерін орындамады. Үш еуропалық мемлекет «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздеріне сай 11 міндеттемесін іске асырмақ болды, бірақ тіпті INSTEX деп атанған Еуропаның арнайы қаржы желісін іске қоса алмады, сондай-ақ аталмыш келісімдегі Иранның заңды құқыларына қанағаттындыратындай жауап бере алмады. Еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындай алмауына қарамастан, Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзды»,- деп уәжденді. Бірақ кейін БҰҰ Бас ассамблеясында Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болғанын және АҚШ-тың санкцияларына байланысты Еуропаның келісімдегі өз міндеттемелерін орындай алмайтынын мойындады. Еуропа АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, қатерлі бастама жасағанын біле тұрып, осы кезде оның басқа мүшелерінің халықаралық міндеттемелерін бұзғанын қалайды. Трамптың біржақты саясаттарының жалғасуына қарағанда, Еуропа жолайрығына тірелді деген ой туады. Бірінші жолы – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болып, келісімдегі міндеттемелері мен Қауіпсіздік кеңестің №2231 қарарын іске асыруды жалғастыру. Екінші жолы – қате жолға түсу; олай болса, Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан алыстайды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында еуропалық үш мемлекет, атап айтқанда Германия, Британия және Францияға сәл мұқият болуды ескертті, өйткені тарих «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қай мүшелерінің дәрменсіз болғандарын және қай тараптың өз міндеттемелерін орындағанын анықтайды.