Алиев: Таулы Қарабақ мәселесіне қатысты Иранның ұстанымы әділ
Қаз 08, 2020 14:41 Asia/Almaty
Әзірбайжан Президенті Таулы Қарабақ мәселесіне қатысты Иранның ұстанымын әділ деп атады.
Ильхам Әлиев CNN Turk телеарнасына берген сұхбатында Таулы Қарабақ мәселесіне қатысты Иран ұстанымының әділдігін қуаттап: «Иран басшылары елдердің территориялық тұтастығының құрметтеліп, соғыс босқындарының үйлеріне оралуларын қуаттады»,- деп мәлімдеді.
Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығыстары 27 қыркүйекте басталып, екі елдің бірқатар азаматтарының қаза болуына себеп болды. Осы кезге дейін көптеген елдер, олардың ішінде ИИР қақтығыстарды тоқтатып, Баку-Ереван келіссөздерін бастауды талап етті.
Тегтер