Армян күштері Гяндже қаласын атқылап жатыр
Армения мен Әзірбайжан арасында Таулы Қарабақ аймағына қатысты атысты тоқтату бітімінің күшіне енгеніне 1 күн өткенде Әзірбайжан армян күштерінің Гяндже қаласын атқылап, 7 адамды өлтіргенін хабарлады.
Әзірбайжан үкіметі осы шабуылда 33 адам жараланғанын айтты.
Кеше таңертең Ресей Сыртқы істер министрі Ереван мен Бакудың Қарабақ аймағында қақтығыстарды тоқтатуға келіскенін жариялап: «Атысты тоқтату бітімі сенбі, 10 қазан сағат 12:00-де басталады»,-деді.
Таулы Қарабақ аймағындағы ауыр әскери қақтығыстар 14 күн бұрын Әзірбайжан мен Армения армиялары арасында басталды. Қос тарап осы аралықта бір-бірін халықаралық заңдарды бұзды, жалдамалы күштер мен лаңкестерді пайдаланды және тұрғын аудандарға шабуыл жасады деп айыптады.