Еуроодақ Ресей мен Беларуське қарсы санкциялар енгізді
Батыс үкіметтерінің дұшпандық және араласу саясаттарының жалғасында Еуроодақ сыртқы істер министрлері Ресей мен Беларуське қарсы санкциялар енгізуге келісті.
Ресейге қарсы санкция енгізуге Алексей Навальныйдың улануы және Беларуське қарсы бұл елдің президенттік сайлауы мен Александр Лукошенконың жеңіске жетуі туралы жариялау сылтау болды. Еуроодақ санкциялар енгізіп, Беларусь басшысына қарсы қысымды күшейтіп, бұл елдің халқымен біргеміз деп көрсеткісі келеді. Беларусьтегі наразылықтар бұл елдегі президенттік сайлаудан кейін 9 тамызда басталды. Үкімет қарсыластары Лукошенконы сайлауды бұрмалаумен айыптап, оған қарсы наразылықтарын бастады. Бұл наразылықтар осы күнге дейін жалғасуда.сондай-ақ батыс мемлекеттері, әсіресе Германия Мәскеудің Ресей президенті Владимир Путинның қарсыласы Алексей Навальныйды уландырды деп айыптады. Кремль батыс үкіметтерінің Ресей үкіметінің Навальныйдың науқастануына қатысы болуы туралы уәждерді теріске шығарды. Батыс пен АҚШ үкіметтерінің біраз уақыттан бері әртүрлі мәселені сылтауратып, санкциялық саясаттарды пайдалануының мақсаты басқа елдерге саяси және экономикалық қысым келтіру болып табылады. Германия үкіметі ресейлік оппозиционер Навальныйдың оқиғасын «Солтүстік ағын-2» («Nord Stream 2») құбыры жобасындағы өз мақсаттарын ілгерлету үшін пайдалануда деп айтуға болады. Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас ресейлік оппозиционердың улануына байланысты ынтымақтастық болмаған жағдайда Берлиннің «Nord Stream 2» жобасына қолдау көрсетуін қатерлі деп тапты. Германия Парламентінің Халықаралық істер комитетінің төрағасы Норберт Ратген бұл салада: «Газпромның 1225 км газ құбырының іске қосылуымен Германия Ресейге тәуелді болады»,- деді. Еуроодақтың санкциялар жариялауын Брюссель саясатындағы екіжүзділіктің белгісі деп атауға болады. Бір жағынан, Еуроодақ шенеуніктері географиялық орналасуы, шекаралардың жақындығы және экономикалық қажеттіліктерін, оның ішінде Ресейден газ импорттау қажеттілігі тұрғысын пайдалануды көздейді. Басқа жағынан, қарама-қайшы саясатта санкцияларымен қысымды күшейту арқылы жағдайды өз пайдасына өзгертуге талпынуда.
Беларуське қатысты Лукашенконы президенттіктен алып тастап, батысшыл президентті тағайындауға бағытталған Брюссель мен Вашингтонның осы Шығыс Еуропа еліндегі араласудардың жалғасуы сәтсіздікке ұшырайды. Бұдан бұрын да мамандар Мискке қарсы санкциялар мен қысымдар сындарлы емес және елдегі қайшылықтардың артуына әкеледі және Беларусь үкіметінің реакциясымен бетпе-бет келді. Қазіргі кезде Еуропа, Ресей және Беларусь арасындағы қайшылықтар артуда. Мұндай жағдай ешкімнің мүддесіне емес.