Қаз 17, 2020 17:54 Asia/Almaty
  • Ирандық зерттеуші Оңтүстік Кореяның Астрономия және астрофизика ұйымының жүлдесін жеңіп алды

Ирандық зерттеуші Арман Шафиилу Оңтүстік Кореяның Астрономия және астрофизика ұйымының 2020 жылғы ғылыми жүлдесіне ие болды.

Оңтүстік Кореяның Астрономия және астрофизика ұйымының ғылыми жүлдесі  жыл сайын ғаламтану, астрономия мен астрофизика  саласында құнды зерттеулер жасаған көрнекті зерттеушілерге табыс етіледі.

Арман Шафиилу – осы жүлдеге ие болған ең жас зерттеушілердің бірі.

Бұл ирандық зерттеуші – Оңтүстік Кореяның Астрономия және ғарыш ғылымдары институтының ұстазы. Ол ғаламтану саласында бастапқы ғаламнан бастап ғарыштық масштабтағы ірі құрылымдарға дейін көптеген зерттеулер жүргізген.  

Тегтер