Қарабақта атысты тоқтату бітімі қайта бұзылды
Қаз 26, 2020 19:14 Asia/Almaty
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Армения күштерін Қарабақта атысты тоқтату туралы жаңа келісімді бұзды деп тағы да айыптады.
Әзірбайжан мен Арменияның Вашингтонда қол қойған атысты тоқтату туралы келісімі үшінші рет бұзылып отыр.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, атысты тоқтату бітімі 26 қазан сағат 08:00-де күшіне енген болатын, алайда Армения Әзірбайжан армиясының позицияларына артиллериялық шабуыл жасау арқылы оны бұзды.
Әзірбайжан Президенті халықаралық араағайындарды Таулы Қарабақ мәселесін шеше алмағанына байланысты сынап: «Араағайын елдер Арменияға қысым жасап, көндіруге қауқарсыз немесе қайшылықты шешуге ниетті емес»,-деді.
Тегтер