Ресейлік қайраткер Иранның Қарабақ қайшылығына қатысты жобасын қолдады
(last modified Sun, 01 Nov 2020 12:43:49 GMT )
Қар 01, 2020 18:43 Asia/Almaty
  • Ресейлік қайраткер Иранның Қарабақ қайшылығына қатысты жобасын қолдады

Ресейдің Ұлтаралық қатынас кеңесінің мүшесі: «Иранның Қарабақ қайшылығын шешуге бағытталған жобасы – осы дағдарысты бейбіт түрде шешуге берілген шынайы мұрсат»,-деп қуаттады.

Исмаил Шабанов Иран жобасының Қарабақ қайшылығын тоқтатуға көмектесетінін айтып: «Қарабақтың жергілікті тұрғындарының құқығын назарға алмастан, қайшылықты әділетті шешу мүмкін емес. Иранның жобасында Қарабақтың жергілікті тұрғындарының да құқықтары ескерілген. Иран мен Ресей Қарабақ мәселесін шешуге кірісулері керек және бұл мәселеге үшінші елдің араласуына жол бермеулері тиіс»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи Қарабақ мәселесінде араағайын ретінде осы аймақта қанды қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған Иранның жобасын түсіндіру мақсатында өткен аптада Әзірбайжан, Ресей, Армения мен Түркия елдеріне іссапармен барды.