Қарабақ соғысының 39-шы күні
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Армения армиясы өткен тәулік бойы Әзірбайжан армиясының әскери позицияларымен бірге Тартар мен Агджабеди қалаларындағы тұрғын аймақтарды да артиллериясының нысанына алуда.
Әзірбайжан армиясы да бұл шабуылдарға жауап беріп, басып алынған Қарабақтың бірнеше бағытындағы алға ілгерлеу әрекеттерін жалғастырып, Арменияның бірқатар әскери техникасын жарып жіберді.
Армения Сыртқы істер министрлігі Әзірбайжанды қасеталық бомбаларды қолдануы және Степанакерт пен Шуша қалаларындағы әскери емес инфрақұрылымдарға шабуыл жасауымен айыптады. Баку де: «Армения армиясы артиллериялық шабуыл кезінде иыйым салынған ақ фосфоры бар жарғыш заттарды қолданды»,- деп жариялады.