Қар 09, 2020 16:04 Asia/Almaty
  • Көрнекті жапондық ирантанушының кітабы екінші рет басылып шықты

Профессор Амико Укада ханымның жапон тілінде жазған «Ирандық жүрек: менің махаббатым – сөз бен поэзия елі» атты кітабы «Джин Бон Шукан» баспасында екінші рет жарық көрді.

Префессор Укада Жапониядағы Иран елшілігіне қарасты мәдени өкілдіктің шақыруымен кейбір ирандық тұлғалармен кездесіп, сөз сөйлеп, халықаралық кітап көрмесін тамашалау үшін 3 жыл бұрын Теһранға келген болатын.

Жапондық ирантанушы сапардан қайтып оралғаннан кейін өзінің Ирандағы студенттік кезеңі мен басқа сапарларын еске алып, «Ирандық жүрек» атты кітап жазып шықты.

Префессор Укада – Теһран университетінің түлегі. Ол өз өмірінің 50 жылын Иран мен Жапонияда ирантану саласында зерттеу жүргізіп, түрлі тақырыптарда ондаған кітап пен мақала басып шығаруға арнады.

Тегтер