Ауғанстан армиясы АҚШ-ты лаңкестікпен күресте әріптестік жасамайды деп сынады
Ауғанстан армиясы штабының қолбасшысы: «АҚШ Талибан тобы және лаңкестермен күресу үшін ауған күштеріне мүлде көмектеспейді»,-деді.
Генерал Ясин Зия: «АҚШ Талибанмен бейбітшілік келісіміне сәйкес немесе басқа да себептерден Ауғанстан армиясымен әріптестік жасамайды»,-деді.
Ауғанстан армиясы штабының қолбасшысы АҚШ-ты екіжақты қауіпсіздік келісіміндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін сынға алды. 2014 жылы Кабул мен Вашингтон арасында осы келісімге қол қойылған болатын.
АҚШ үкіметі осы қауіпсіздік келісімінде түрлі лаңкестік топтармен күресіп, ықтималды қоқан-лоққыларға дайын болуы үшін Ауғанстан армиясына білім, кеңес және жабдықтар беру тұрғысынан қолдау көрсетуге міндет алған еді.
Кабул мен Вашингтон арасында осы қауіпсіздік келісіміне қол қойылғанынан 6 жыл өтсе де, АҚШ үкіметі Ауғанстан армиясы алдындағы міндеттемелерін орындамады, соның ішінде осы елдің Қарулы күштерін әскери құрал-жабдықтар және қару-жарақтармен қамтамасыз етпеді.
Лаңкестікпен күресу және Ауғанстанның ұлттық егемендігін қолдау сылтауымен 20 жыл бойы осы елге үстемдік жүргізіп келген АҚШ Кабулмен қауіпсіздік келісімінде осы елдің Ауғанстан Қарулы күштеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қауіпсіздікті сақтап, экстремизммен күресу үшін қажетті құрал-жабдықтар және қару-жарақтармен қамтамасыз етуге міндеттеме алған болатын.
Ауғанстан Өкілдер палатасының кабулдық депутаты Аллахгүл Моджаһед: «Базаларды қиратып, әскери құрал-жабдықтарды Пәкістанға тасымалдау Кабул мен Вашингтон арасындағы қауіпсіздік келісіміне қайшы. Келісім бойынша америкалықтар Ауғанстаннан кетер алдында өздерінің әскери құрал-жабдықтарын осы елдің үкіметіне тапсыруы керек»,-деді.
Қауіпсіздік келісімі аясында АҚШ-тың Ауғанстан Қарулы күштеріне қолдау көрсетпегенін ескерсек, АҚШ-тың шетелдік күштер Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін қоқан-лоққы көбейеді деп алаңдауының саяси-әскери алдау екені айқын. Өйткені өткен 6 жылда бұл елде лаңкестікке қарсы түрлі көлемдегі шаралар тек ішкі әлеуеттерге сүйеніп атқарылды.